Жаңалықтар

Қазақстандағы Boeing 737-9 MAX ұшақтарының ұшуға жарамдылық сертификаттары бар

Қазақстандағы Boeing 737-9 MAX ұшақтарының ұшуға жарамдылық сертификаттары бар
Фото: © Pixabay.com 07.01.2024 20:05 819

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда тіркелген Boeing MAX әуе кемелері бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстандағы осы типтегі ұшақтарды пайдаланушылармен, сондай-ақ Boeing және FAA-мен әрі қарай шаралар қабылдау қажеттілігін бағалау үшін байланыста.

Комитет мәліметінше, Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы тіркелген және олардың барлығында ұшуға жарамдылық сертификаттары бар.

FAA ұшуға жарамдылық туралы шұғыл директива шығарды (2024-02-51). Ұшуға жарамдылық директивасы автоматты түрде барлық B-737 MAX пайдаланушыларына қолданылады. Бұл директива орташа кабинаның апаттық шығу люгі орнатылған кез келген санатта сертификатталған Boeing компаниясының B737-9 үлгісіндегі әуе кемелеріне қолданылады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  пайдаланушылары әуе кемелерін апаттық шығу есіктерімен (апаттық шығу люкімен емес) пайдаланады, сәйкесінше директива осы әуе кемелеріне қолданылмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға