Қазақстандағы білім жүйесінде креатив жетіспейді – Самал Еслямова
21.12.2022 13:21
Фото:
El.kz
Мектептегі білім саласында креатив жетіспейді. Бұл туралы актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Самал Еслямова Орта Азия елдерінің медиа форумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Қазақстандағы балаларға арналған контент туралы пікірін білдірді.
«Қазіргі балаларды бір нәрсеге қызықтыру қиын. Өз басым балаға алдымен тәрбие, кейін білім беру маңызды деп айтар едім. Біздегі білім саласында креатив жетіспейді. Балалардың барлығы өте ақылды, сондықтан оларды қызықтыру оңай емес. Балаға білім беру үшін мектепте креатив керек деп есептеймін. Балалардың қызығушылығын әрдайым ескерген және олардың пікірімен санасқан дұрыс», - деді Самал Еслямова.
Ол балаларға қатысты барлық салада креативтің болуы маңызды екенін атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

