Жаңалықтар

Қазақстандағы азық-түлік бағасы неліктен ЕАЭО елдерінен қымбат? Министр түсіндірді

Қазақстандағы азық-түлік бағасы неліктен ЕАЭО елдерінен қымбат? Министр түсіндірді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 05.03.2024 12:17 2245

ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат? Бұл сауалға ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет брифингінде министр азық-түліктің бағасы неліктен жиі қымбаттайтынына қатысты пікір білдірді.

Елімізде ақпан айы бойынша инфляция деңгейі 9,5-9,7 пайыз болды. Оның ішінде 1,5-2 пайыз көлемінде кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттауын байқап отырмыз. Енді мұны қалай шешуге болады десек, ол үшін бізге өзіміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Қазір Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 тауар түрі бойынша бағаны қадағалап, ұстап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар, - деді Байбазаров.

Министр биыл Қазақстанның даму банкі және «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тамақ өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға