Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.09.2024 18:10 560

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медорталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы биоқауіпсіздік саласында еліміздегі алғашқы референс-зертхана мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ПІБ Медорталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Биологиялық қауіпсіздік туралы заңды жүзеге асыру аясында биологиялық қауіпсіздік саласында Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы референс-зертхана атанып отыр.

Бұл мәртебе Орталық зертханалары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы №22 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің референс-зертхана жүйелерін құру туралы» ұсынымдарына сай келетінін айғақтайды.

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

ҚР ПІБ Медициналық оталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитарлық дәрігері Сандуғаш Мұқажанованың сөзінше, СЭСО-ның 8 зертханасында бактериологиялық, паразитологиялық, молекулярлық-генетикалық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, хроматографиялық зерттеулер жүргізіледі, диоксиндер анықталады және физикалық факторлар (ион және электромагниттік сәулелелер, шу мен жарық деңгейі, микроклимат) ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес өлшенеді.

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Біздің зертханалар биыл Биологиялық қауіпсіздік туралы заңның аясында биологиялық қауіпсіздік саласында референттік зерттеу жүргізу мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе диагностикалық қиын жағдайда сараптамалық қорытынды беру, патогендерді сәйкестендіру, жаңадан анықталған патогендерге референттік зертеу жүргізу үшін мүмкіндік береді, - деді Сандуғаш Мұқажанова.

Ал Санитарлық-химиялық зерттеулер бөлімінің маманы Айнұр Кенжебаева  санитарлық-химиялық зерттеулер зертханасының жұмысы жайлы айтып берді.

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бұл жерде барлық тағам өнімдерінің, судың, тұрмыстық химиялық заттардың құрамынан ауыр металлдарды анықталады. Құрылғылардың дәлдігі, сенімділігі, жұмыс істеу жылдамдығы өте жоғары. Әсіресе, масс-спектрометрия үш минуттың ішінде Менделеев кестесіндегі барлық элемент атомдарын анықтап шыға алады. Ал атомды-абсорбциялық спектрометрия да дәлділігі жоғары құрылғы, бірақ оның әр элементті жеке-жеке анықтау қабілеті бар , - деді Айнұр Кенжебаева.

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

СЭСО-ның референс-зертхана ретінде аккредиттелуі халықты санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен қамтуда маңызды рөл атқаратынын, сондай-ақ жергілікті бизнес өнімдердің қауіпсіздігін халықаралық деңгейде растау қызметін жеңілдететінін атап өткен жөн.

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Қазақстандағы алғашқы референс-зертхана: биологиялық қауіпсіздікке жаңа қадам

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

СЭСО зертханаларында жасалған сараптамалар ILAK (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық) құрамындағы 112 елде мойындалады.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова атап өткендей, мұндай референс-орталық жұмыс сапасын сыртқы бағалау жүйесінің, сонымен қатар диагностикалық күрделі әрі сараптамалық жағдайларда зертханалық зерттеу жүргізудің маңызды элементі саналады.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жоғары дәлдіктегі бірегей зертханалық жабдықтармен жабдықталған, мұнда жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Соның арқасында күрделі зертханалық зерттеулерді сапалы әрі жедел жасауға жол ашады. Бұл елімізде биологиялық қауіпсіздік жүйесін құруда өте маңызды, - деді басшының орынбасары.

Айта кетейік, тек мемлекеттік құрылымдар ғана емес, сонымен қатар жеке ұйымдар да СЭСО зертханалық сараптама қызметін пайдалана алады. Яғни, бизнеске өнімді экспортқа шығару үшін немесе өз объектілерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін орталықтың зерттеу нәтижелері пайдалы болуы мүмкін.

Біздің сынақ зертханамыз тәуелсіз, техникалық құзыреті мол, сынақ нәтижелерінің сапасы күмәнсіз. Аккредиттелген зертхананың сараптамалары халықаралық деңгейде мойындалады. Бұл өндірушілердің және экспорттаушылардың шығынын азайтады, олар зерттеулердің кең спектрін ескере отырып, белгілі бір төнімге толыққанды сараптама жасай алады, шетелде қайтадан сынақ жүргізіп қосымша шығынға ұшырамайды, - деді СЭСО басшысы Сәуле Шәріпова.

ССЭО зертханасында ауа, су, топырақ сияқты сыртқы орта объектілеріне, сондай-ақ тамақ өнімдеріне, полимерлі материалдарға және басқа да өнім түрлеріне кешенді зерттеу жүргізуге болады.  

Жалпы, референс-зертхананың жұмысы қоршаған ортаны сауықтыруға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға