Жаңалықтар

Қазақстанда жылдық инфляция төмендеді

Қазақстанда жылдық инфляция төмендеді
Фото: © Pixabay.com 16.05.2023 12:13 1183

Сәуір айында инфляция деңгейі 16,8%-ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандағы инфляция ағымдағы жылдың ақпан айында 21,3%-ға, жылдық шыңына жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулауын жалғастырды, бұл Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келеді, - деді Виталий Тутушкин.

Ол азық-түлік бағасы ең үлкен үлес қосқанын да айтып қалды.

Бұл ретте олардың жылдық мәндегі өсімі 17,9%-ға дейін баяулады. Ақылы қызметтердің инфляциясы да 13,7%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық индексі 18,2%-ды құрады. Жылдық инфляцияның баяулауына қарамастан, ай сайынғы инфляция көрсеткіштері өзгеріп отыр, - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, ішкі инфляциялық факторлар сақталуда және тұрақсыз инфляциялық болжамдар, мемлекеттік шығыстардың үздіксіз өсуі, сондай-ақ жанар-жағармай және коммуналдық қызметтер нарығында шұғыл реформаларды жүзеге асырудың басталуы түрінде жүзеге аса бастайды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция 16,75% деңгейде тұрақтап тұр. Дегенмен мамыр айындағы базалық мөлшерлемелердегі жаңа деректерді есепке алу кезінде көрсеткіштер өзгеруі мүмкін, - деді Виталий Тутушкин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға