Жаңалықтар

Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудан 13 мың адам қайтыс болады

Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудан 13 мың адам қайтыс болады
Фото: parlam.kz 10.06.2024 11:21 693

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде жаман аурудан жыл сайын 13 мың қазақстандық қайтыс болады. Асқынған үшінші, төртінші стадияда анықталатын науқастар саны өте көп. Өкінішке қарай, ауруды ерте анықтау деңгейі өте төмен болып тұр. Онкологиямен ауыратындардың қатары жасаруда. Қазір негізі басым көпшілігі жастар деп айтуға болады. Өте жас балалар, жас азаматтар ауырып, олардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. 2023 жылы онкологиямен ауру көрсеткіші өсті, - деді мәжілісмен.

Асхат Аймағамбетов науқастарды емдеу құрылғылары біршама ескіргенін атап өтті.

Сәулемен емдеу құрылғылары ескірген. Маммографтар, цифрлы тиісті басқа да құрылғылардың барлығы да ескірген. Мысалы, ПЭТ, КТ-лар бойынша жеткіліксіз. Эндоскоптардың 48 пайызы, маммографтардың 40 пайызы ескірген. Осыдан кейін ауруды ерте анықтау туралы қандай сөз қозғауға болады? - деді Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға