Жаңалықтар

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 16.07.2024 12:12 663

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысы шеңберінде цифрлық даму министрі жасанды интеллект әлеуетін қауіпсіз, жауапты және әдепті пайдалануға бағытталған реттеуші ортаның пайымын ұсынды.

Министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын әзірледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев заң жобасы этикалық нормаларды қабылдауды, мемлекеттік реттеуді, ЖИ-объектілері жұмыс істеуінің құқықтық режимін, ЖИ-объектілеріні жіктеуді, ЖИ саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен стандарттауды көздейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға