Жаңалықтар

Қазақстанда жарты жыл ішінде 32 мың адам мүгедектікке қатысты онлайн өтінім тапсырды

Қазақстанда жарты жыл ішінде 32 мың адам мүгедектікке қатысты онлайн өтінім тапсырды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.07.2023 09:13 911

Елімізде мүгедектікті белгілеу бойынша 31,7 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралғаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері 6 ай ішінде мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматының пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінен 31,7 мыңнан астам өтінім қаралды.

Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 24,7 пайызын құрап отыр. Қазіргі уақытта жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған айтылды. 

2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды, бұл - куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7 пайызы. Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға