facebook.com/amirtayazamatkhan

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді

30.11.2022 14:18

«Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Әділетті Қазақстанға сенімді қадам - «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды - орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», - деп жазды Азаматхан Әміртай.