Қазақстан экономикасы 2024 жылы тұрақты өсім көрсетті. Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жалпы ішкі өнім 4,8%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұнай секторы өсуге негізгі үлес қосты. Шоғырландырылған бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, былтыр 2,5 пайыздық тармаққа өсті, - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, инфляция деңгейі 8,6%-ға дейін төмендеді.
Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті, - деп нақтылады ол.
Сонымен қатар министр «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға $233 есептелгенін тілге тиек етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

