Қазақстанда зейнеткерлер ең көп тұратын өңір анықталды
05.11.2025 19:00
Фото:
Қармақшы таңы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда зейнеткерлер ең көп шоғырланған аймақтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәліметке сәйкес, елімізде қазір шамамен 2,5 миллион зейнеткер бар. Олардың ең көбі Алматы қаласында тұрады. Алып мегаполисте 260 364 зейнеткер тіркелген.
Зейнеткерлер саны бойынша екінші орында Түркістан облысы (206 065 адам), ал үшінші орында Қарағанды облысы (186 093 адам) тұр.
Көшбасшы ондыққа кіретін өңірлердің тізімі:
- Алматы облысы — 173 706
- Астана қаласы — 153 911
- Жамбыл облысы — 143 378
- Қостанай облысы — 142 276
- Шығыс Қазақстан облысы — 141 676
- Павлодар облысы — 125 474
- Ақмола облысы — 118 905
Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, елімізде зейнеткерлердің саны жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Бұл демографиялық үрдіс халықтың қартаю деңгейінің артуымен және өмір сүру ұзақтығының жоғарылауымен байланысты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

