Жаңалықтар

Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағат бір жылда 4% қымбаттады

Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағат бір жылда 4% қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 09.02.2024 17:18 578

2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында елде 1,2 млрд теңгенің зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай 9,9% аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек: бұған дейін үш жыл қатарынан өнеркәсіпте өндіріс көлемінің өсімі байқалды: 2022 жылы – 4,4%, 2021 жылы – 61,8%, 2020 жылы 8,2% өсті.

Еnergyprom.kz мәліметінше, биыл қаңтарда елімізде зергерлік бұйымдар мен сағат небәрі 0,1% қымбаттады. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр желтоқсанда 1,1% қымбаттаған, бұл былтырғы ең үлкен айлық баға өсімі. 2023 жылдың қаңтарында, керісінше, секторда бағаның төмендеуі байқалды – дегенмен бар болғаны 0,2%.

Жылдық динамикада зергерлік бұйымдар мен сағат бағасы 4,3% өсті, бұл көрсеткіш бірден 34,4%-ға жеткен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қаңтар айының соңында қол сағаттары бір жыл ішінде 10,1%, ал бір жыл бұрын 20,7% қымбаттады.

Алтын неке сақиналары бір жыл ішінде небәрі 2,9% қымбаттаса, бір жыл бұрын бағаның өсуі 36,8%-ды құрады.

Statista мәліметінше, зергерлік бұйымдар мен сағат нарығының жаһандық табысы 2023 жылы 374,2 млрд АҚШ долларына жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 11,5% артқан. 2024 жылы табыс 390,7 млрд АҚШ долларын құрайды деп болжануда, оның ең үлкен үлесі Қытайдан келеді: 95 млрд АҚШ доллары. Сонымен қатар, болжамға сәйкес, сектордағы барлық сатылымның 83%-ы сәнді емес тауарлардан келеді.

2028 жылға қарай әлемдік зергерлік бұйымдар мен сағат нарығының табысы 448,9 млрд АҚШ долларына жетеді, оның 357,2 млрд АҚШ доллары зергерлік бұйымдардан және 91,7 млрд АҚШ доллары сағаттардан келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға