Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй салу үшін жер беру талаптары өзгереді

Қазақстанда тұрғын үй салу үшін жер беру талаптары өзгереді
Фото: pixabay.com 05.11.2024 15:52 331

Елімізде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзгеріс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін арнаулы есепке қоймай, оларды беруге тыйым салынады. 

Сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар ғана  жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріледі. Бірақ сумен жабдықталмаған елді мекендердегі жер учаскелері электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Кодекстің 44-бабы 6-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін арнаулы есепке қоймай оларды беруге тыйым салынады, – делінген бұйрық жобасында.

Құжат Ашық НҚА порталында 2024 жылдың 19 қарашасына дейін жария талқыға ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға