pexels

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы: жалақы қалай есептеледі?

25.07.2025 14:41

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі 2015 жылдан бері заңнамада қарастырылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Министрлік өкілі, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбековтің айтуынша, 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодексте де төрт күндік жұмыс аптасын қолдануға мүмкіндік беретін ережелер нақтыланған.

Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілген жағдайда жалақы мөлшері орындалған жұмыс көлеміне сәйкес пропорционалды түрде есептеледі. Яғни, жұмыс уақыты қысқарса, соған сай жалақы да қысқарады, – деді Оразбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар, ол жұмыс беруші жұмыс күндерінің қысқарғанына қарамастан бұрынғы жалақы мөлшерін сақтауға құқылы екенін атап өтті. Бұл Еңбек кодексіне қайшы келмейді және заң бұзушылық болып саналмайды.

Бұған дейін Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізілетіні туралы хабарлаған едік.