Жаңалықтар

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма? Вице-министр жауап берді

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма? Вице-министр жауап берді
Фото: ©pixabay.com 06.06.2024 13:00 680

Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі кулуарда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов елімізде әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі күн тәртібінде қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлікте TikTok қана емес, жалпы барлық онлайн платформалар, әлеуметтік желілерді толығымен бұғаттау немесе шектеу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген, - деді Қанат Ысқақов.

Кулуарда тілші Мәдениет және ақпарат вице-министрінен бұған дейін әлеуметтік желілердің қандай жағдайда бұғатталғаны жайлы сұрады.

Бұғаттаған емеспіз. Біз TikTok-ты, Facebook-ты, YouTube-ты қашан бұғаттадық? Ондай жағдай болған емес, - деп жауап берді Қанат Ысқақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға