Жаңалықтар

Қазақстанда Tik Tok желісіне тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда Tik Tok желісіне тыйым салынуы мүмкін
Фото: ©pixabay.com 22.04.2024 18:00 796

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, бұл мәселе қарастырылып жатыр. Себебі, соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер көбейіп кеткен.

Тік Ток желісінде көбінесе балалар отырады. Ол жерде түрлі сөздер айтылады. Тіпті, адамдар бал ашып, болжаймын деп ақша жасайды. Кез келген мемлекетте бір жағдайға ғана қарап шешім шығармайды. Комплексті қарап, комплексті түрде игеріп барып қана шешуге тырысады. Көрші елдер қабылдап жатқан шешімді біз де ескеріп, тақырыпты игеріп, саралап көреміз. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер көбейіп кеткен. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал тигізсе, әлбетте осындай шешім қабылдауға тура келеді. Бұл мәселесі әлі қарастырып жатырмыз. Талқылаулар әлі жүргіземіз, - деді Аида Балаева.

Бұған дейін Қырғызстанда Тік Ток желісіне тыйым салынатыны туралы айтылған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға