Жаңалықтар

Қазақстанда терроризмді насихаттаған екі адам сотталды

Қазақстанда терроризмді насихаттаған екі адам сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 04.01.2025 11:37 413

Елімізде терроризмді насихаттағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған екі азаматқа қатысты сот процесі аяқталды. Екеуі де кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұрын ҰҚК терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алған екі ҚР азаматына қатысты сот процесі аяқталды. 

Солардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған. 

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Тағы бірі – Алматы тұрғыны. Ол бірнеше рет сотты болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған. 

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. 

Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға