Қазақстанда телевидение мен радио уақытша өшіріледі
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды 16 қазанда өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компанияның мәліметінше, аталған жұмыстар аясында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер уақытша тоқтатылады.
Жұмыстар жүргізу кезінде еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды қайта трансляциялау уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» АҚ бұл шаралар телерадио хабарларын сапалы тарату мен үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатынын атап өтті.
Компания жыл сайын тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады. Бұл - спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді уақытша жабу арқылы сапалы және тұрақты телерадиохабар таратуға бағытталған шара, – делінген компания хабарламасында.

