Қазақстанда Тәжікстанның мәдениет күндері басталды
25.08.2023 23:37
Фото:
Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
«Астана Опера» театрында тәжіктің «Зебо», «Гулрез», «Парасту» би ансамбльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ниезова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.
Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын «Рустам мен Сухроб» көркем фильмі көрсетілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

