© Pixabay.com

Қазақстанда такси бағасы күрт өсті

07.12.2023 09:18

Елімізде такси бағасы күрт өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, такси қызметі бизнесінің кірісі өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы айтарлықтай өскен. Ал 2023 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде 4,7 миллирад теңге болған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7 %-ға артық.

Қазіргі таңда ең қымбат Алматы қаласында. Биыл мегаполисте такси қызметі бірден 40,5 %-ға көтерілген.

Сондай-ақ бағаның өсуі Ақтөбе мен Абай облыстарында байқалады. Ал Қарағанды облысында жыл бойы баға өзгеріссіз қалса, Шығыс Қазақстан облысында керісінше баға 6 пайызға төмендеген.