2026 жылы таеквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация мәліметінше, бұл шешім Әлемдік кеңестің Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен отырысында қабылданды.
Қазақстандық делегация әзірлеген жоба халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Еске салайық, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған болатын.
Келер жылы Қазақстан астанасында әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналады.
Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

