Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев автокөлік тізгіндеген қазақстандықтарға көлігін бензиннен газға ауыстырмауға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Автокөлік тізгіндеген қазақстандықтардан бензиннен газға ауыспауға кеңес берем. Өйткені сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Бағаның бірден қымбаттауына жол бермейміз. Дефицит болса, ішкі нарықта экспорт бағасымен сатыла бастайтын болады. Оған қоса бензиннен газға ауысу техникалық жағынан да қауіп туындатады. Сондықтан жүргізушілер көлігін бензиннен газға ауыстыру туралы шешім қабылдаған кезде осы факторларды ескеруге кеңес береміз, - деді министр.
Министр сұйытылған газ бағасы бензинмен теңесуі мүмкін екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гүлнұр Мамасарипова «Келінжандағы» ең қымбат актерді атады
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды