Жаңалықтар

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мәлім етті
Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Фото: atr.kz 29.12.2022 11:23 1453

Еліміздегі ең қажет деген мамандықтар тізіміне орта мектеп мұғалімдері, бухгалтерлер, күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілер кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;

2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;

3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;

4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;

5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;

6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;

7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;

8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;

9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;

10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;

11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;

12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;

13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;

14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;

15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;

16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;

17. Аспаздар – 20,5 мың адам;

18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;

19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;

20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;

21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;

22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;

23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;

24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;

25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға