Қазақстанда шорт-тректен Әлем кубогының екі кезеңі өтеді
Алматы қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогының ІІІ және IV кезеңдері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл екі жарысқа әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады.
Алматыдағы "Халық Арена" мұз сарайында өтетін айтулы додада Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаты мен кубогінің жеңімпаздар-жүлдегерлері бақ сынайды.
Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов.
Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева, Алёна Волковицкая.
Алматы турнирлерінен кейін шорттрекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Әлем кубогының қорытынды шешуші кезеңі Дордрехт (Нидерланд) қаласында өтеді.