Жаңалықтар

Қазақстанда шетел валютасымен несие алушылар көбейді

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанда шетел валютасымен несие алушылар көбейді
Фото: gov.kz 28.10.2022 17:10 2065

Ұлттық валютамен берілген несиелердің көлемі бір айда 1,8 пайызға көбейіп, 19 332,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілген несие 0,4 пайызға, жеке тұлғаларға 2,5 пайызға өсті, деп хабарлайды El.kz 

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 4,4%-ға көбейіп, 1 769,0 млрд теңгені құрады, оның ішінде валюталық қайта бағалау есебінен ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттер валюталық қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосты, олар 4,4%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген валюталық қарыздар жеті ай қатарынан төмендеу үрдісін жалғастыра отырып, 0,7%-ға төмендеді. Оның нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы қыркүйектің соңында 91,6% құрады.

Халықты кредиттеу қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыра отырып, 2,5%-ға өсті. Тұтынушылық кредиттеу біршама бәсеңдеуіне қарамастан, жоғары өсу қарқынын сақтай отырып, 7 197,6 млрд теңге болды. Ипотекалық кредиттеу де 4 277,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға