Қазақстанда сайлау күні 609 бала дүниеге келді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
19.03.2023 22:41
Фото:
pixabay.com
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні елімізде 609 бала дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оның 312-і ұл, 297-і қыз және бір егіз.
Осыған дейін Түркістан облысында сайлау күні 86 сәби дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.

