Сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға төмендеді. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экспорт та 16,7%-ға төмендеді. Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды.
Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады.
2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дархан Қыдырәлі ЕҚЫҰ өкілі Фолькер Фробартпен кездесті