Жаңалықтар

Қазақстанда «Sapar» қосымшасы іске қосылды

Мобильді қосымшада республикалық трассалар бойында орналасқан жол сервисі туралы барлық өзекті ақпарат жинақталған
Қазақстанда «Sapar» қосымшасы іске қосылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК 24.11.2022 15:05 1064

Республикалық трассаларды пайдаланатын қазақстандықтар үшін «Sapar» мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы трассаларды цифрландыру шеңберінде онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейтін  «Sapar» навигациялық қосымшасын әзірледі.

Жол қозғалысына қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру үшін қосымшада автожолдардың ағымдағы жай-күйі (трассаларды ашу/жабу, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары және т.б. бойынша ақпарат), метеожағдайлар, жолдардың ақылы учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.

Аталған мобильді қосымшада республикалық трассалар бойында орналасқан жол сервисі туралы барлық өзекті ақпарат жинақталған. Қолданушылар қосымша қызметтерінің сапасын бағалай алатынын атап өту керек.

Қазіргі уақытта қосымша PlayMarket-те қол жетімді, жақын арада қосымша AppStore-да орналастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға