Жаңалықтар

Қазақстанда саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі артты

Қазақстанда саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі артты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 04.12.2023 20:05 740

Мемлекет басшысы өз Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттау, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі Саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шараларының ведомствоаралық жоспарын бекітті және іске асыруда, оған 9 бағыт кіреді. 

Бұл НҚА-ны жетілдіру, дұрыс және құнарлы тамақтануға жәрдемдесу, дене белсенділігі мен спортты дамыту, темекі өнімдерін, алкоголді, ПБЗ тұтынуды азайту, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау, жарақаттануды азайту, ғылыми-талдамалық сүйемелдеу, ДДҰ жобаларын іске асыру, МСАК деңгейінде СӨС қалыптастыру.

Сонымен, 2023 жылдың 9 айында СӨС бойынша 2,4 млн адамды қамтитын 500 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Социологиялық зерттеулер көрсеткендей, елдегі саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі артты және бүгінде бұл өткен жылдардағы нәтижелермен салыстырғанда халықтың үштен біріне жуығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға