El.kz

Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды

13.09.2025 07:33

Елімізде ауқымды жоба саналатын - республикалық «JARQYRA» кастингі басталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталған іріктеу 15 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін бірдей Қазақстанның 19 қаласында, мәдениет мекемелерінің базасында өтеді деп жоспарланған.

Жобаның мақсаты – аймақтардағы таланттарды анықтап, оларды отандық киноиндустрияға тартуды көздейді. Кастингтен сәтті өткен қатысушылар Орталықтың актерлік базасына енгізіліп, болашақ кино жобаларға қатысуға үміткер бола алады.

Іріктелген кандидаттардың деректері Орталықтың ресми сайты www.kazakhcinema.kz порталындағы онлайн актерлік базасына тіркеледі. Бұл платформа жаңа есімдерді іздеп жүрген продюсерлер мен кинокомпанияларға қолжетімді болмақ.

Мұндай жобалар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып, Мәдениет және ақпарат министрінің жүйелі басшылығымен жалғасып келеді.