Жаңалықтар

Қазақстанда ресми есепте тіркелген 2 млн бас мал жоқ болып шықты

Қазақстанда ресми есепте тіркелген 2 млн бас мал жоқ болып шықты
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 01.07.2024 16:01 555

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малға қатысты статистиканы қайта жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі ретінде жалған статистиканы атап өтеді. Яғни қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебі негізінде салалық статистиканың бұрмаланып кетеді.Соның салдарынан еліміздегі ірі қара малдың саны шамамен 2 млн басқа қысқарды.

Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтаған.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы мал саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал саны шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны 14%-ға, ешкі 20%-ға, шошқа 34%-ға, үй құсы 22%-ға, ет өндірісі 15%-ға, тауық жұмыртқасы 10%-ға қысқарды, – делінген АШМ хабарламасында.

Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады. Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізіліп жатыр. Оны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға