Жаңалықтар

Қазақстанда референдум өтті деп танылды

Қазақстанда референдум өтті деп танылды
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 06.10.2024 14:20 633

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина сағат 14:00-дегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОРК мүшесінің сөзінше, тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды. Республика бойынша 6339425 адам дауыс беруге қатысты. Өңірлер бойынша Түркістан облысы көш бастады (67,38%).

Оның ішінде:

  1. Абай облысы бойынша – 52,99 %
    2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%
    3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %
    4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %
    5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %
    7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %
    8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %
    9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %
    10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %
    11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %
    12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %
    13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%
    15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %
    16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %
    18. Астана қаласы бойынша – 45,19%
    19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %
    20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға