Жаңалықтар

Қазақстанда қымыз өндірісі артып, шұбат өндірісі кеміді

Қазақстанда қымыз өндірісі артып, шұбат өндірісі кеміді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.03.2024 18:35 697

Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткіші туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтырғы жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өсіп, 2 463 тоннаға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.

Алайда шұбат өндірісі 2% төмендеп, 3003 тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындарының көлемі қатты өзгермеген, ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жарма өнімдеріне (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға