Жаңалықтар

Қазақстанда құмар ойындарға әуес адамдарға несие алуға шектеу қойылады

Қазақстанда құмар ойындарға әуес адамдарға несие алуға шектеу қойылады
Фото: © Pixabay.com 10.10.2023 14:43 1018

Енді құмар ойындарға әуес азаматтарға несие беруге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Соңғы алты айда үш рет букмекерлік кеңсеге немесе ойын бизнесін ұйымдастырушы платформаға 300 мың теңгеден астам ақша салған адам "құмар ойыншы" санатына кіреді. Бұл құжатты қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірлеп отыр. Соған сәйкес банкке берешегі бар құмар ойыншылардың несие алуына шектеу қойылады.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі құмар ойындарға арналған несиені шектемек. Бұдан былай заңда "құмар ойынға әуес" түсінігі пайда болады. Мұндай санатқа соңғы алты ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушыға 300 мың теңгеден астам сомаға кемі үш рет төлем жасаған адамдар жатқызылмақ. Қарыз алушының жиі ойнайтыны анықталса, мерзімі өткен несиесі немесе микрокредиті болса, ақша берілмейді.

Бәс тігуге тәуелділерге 0,25 пайыз деңгейіндегі қарыз жүктемесінің ең жоғары мөлшері енгізіледі. Сол арқылы құмар ойындарға қатысу үшін қарыз беруді қатаңдату жоспарланып отыр. Психологтардың пікірінше, ойынға әуестерге ешқандай шектеу тоқтам бола алмайды. Тіпті, қамап ұстасаң да, амалын табатынын айтады. Сондықтан білікті мамандардың көмегіне жүгініп, емделуі қажет.

Көріп қойып, ақша салып қоя беремінй деп мойындайтын болса, бұл – алғашқы қадам. Демек бұл тәуелділіктен айығуға әрі қарай емделуге мүмкіндік бар. Егер ай сайын бір рет 300 мың салды, одан кейін болды оны бұғаттамаймыз деу мәселені шешпейді. Ол бәрібір басқа жолын табады, – деді психолог Жаннұр Дәуренбекова. 

Мемлекет шектеу шараларынан бөлек, психологиялық мәдениет пен сауаттылықты арттыруға күш салғаны жөн дейді. Айтуынша, бәс тігуге тәуелді кісі алдымен өзі үшін ойын құмар екенін мойындауы қажет. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға