Қазақстанда қару жасайтын 7 цех анықталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.
51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді.
Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

