Қазақстанда қару иелеріне жаңа талаптар енгізіледі
10.12.2025 14:05
Фото:
GOV.kz
Қазақстанда қару иелері мен жеке күзет ұйымдарына қойылатын ережелер қатаңдайтын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін Мәжіліс депутаттары қызметтік және азаматтық қаруды сақтау мен айналымын бақылауды күшейтетін заң жобасының екінші оқылымын мақұлдады. Құжат қаруға ие жеке тұлғалар мен ұйымдарға, сонымен қатар күзет қызметі индустриясына қатысты жаңа талаптарды енгізеді.
Қару иелері үшін:
- Азаматтық және қызметтік қаруы бар адамдар мемлекеттік пуль-гильза қорын қалыптастыру үшін атқылау өткізуі тиіс.
- Қаруы бар заңды тұлғалар қызметін тоқтатса, қаруды 10 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына тапсыруы және сол жерде сақтау қажет.
Жеке күзет ұйымдары үшін:
- Уәкілетті органға тұрақты есеп беру міндетті.
- Қызметін тоқтату, қайта бастау немесе аяқтау туралы уәкілетті органға хабарлау қажет.
- Филиал басшылары қарапайым күзетшілермен теңестіріліп, соларға қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Мемлекеттік пуль-гильза қоры:
- Қалыптастыру тәртібі нақтыланады, қару айналымына бақылау күшейтіледі.
Жаңа ұғымдар:
- Заң жобасына “әскери теміржол күзеті” деген жаңа түсінік енгізілді. Бұл құрылым транзитке қатысатын теміржол терминалдарында жүктер мен нысандарды тәулік бойы күзетеді.
- Сондай-ақ құжат күштік және арнайы органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін нақтылайды.
Енді заң жобасын Сенат қарастырып, кейін Президент қол қояды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

