Қазақстанда қант пен картоп арзандады
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
02.08.2023 02:26
1261
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы тұста азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға қымбаттады.
Мәселен, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:
- кеңсе тауарлары - 64,4%-ға;
- күріш – 44,3%-ға;
- қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%-ға;
- күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%-ға;
- ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%-ға;
- кір сабын – 35,9%-ға;
- қырыққабат – 27,5%-ға;
- тосап, джем - 25,9%-ға қымбаттады.
Сондай-ақ жылдық мәнде:
- қант – 17,4%-ға;
- қарақұмық жармасы – 10,5%-ға;
- күнбағыс майы – 4,7%-ға;
- қызылша – 6,1%-ға;
- сәбіз – 3,4%-ға;
- картоп - 1,3%-ға арзандады.
Бұдан бөлек өткен айда:
- дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдықтары – 9,6%-ға,
- тұрмыстық құралдар – 1,2%-ға;
- ыдыс – 1,1%-ға;
- спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтар – 0,9%-ға;
- тоқыма бұйымдары, жеке қолданатын тауарлар - 0,8%-ға;
- баллондағы сұйытылған газ – 6,2%-ға,
- АИ-95/96 маркалы бензин – 4,5%-ға, АИ-98 бензин – 3,6%-ға қымбаттады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өрт оқшауланды. Балқашта қамыс бықсып жатыр
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды