Қалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 – драма, 11 – қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 – музыкалық комедия, 4 – опера және балет, 8 – басқалары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика мәліметінше, мемлекетке 57 театр тиесілі. 16 театр жеке меншікте, оның 14-ін жеке кәсіпкерлер жүргізеді.
Театрлар саны бойынша бірінші орынды дәстүрлі түрде Алматы алып отыр – 23 театр. Екінші орында Астана – 9, одан кейін Шымкент – 6 театр.
2022 жылы республика театрлары 15,3 мың іс-шара өткізді, оның 8,3 мыңы – балаларға арналған іс-шаралар.
Өткен жылы әртістердің ойынын тамашалауға 2,1 млн көрермен барды. Ал ең көп келушілер Алматы (726,4 мың адам), Астана (461,3 мың адам) және Қарағанды облысының (272,1 мың адам) театрларында болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

