Қазақстанда қанша педагог әйел бар
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
07.03.2024 11:40
Фото:
Оқу-ағарту министрлігі
Еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог жұмыс істейді.
Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етіп жүр.

