2025 жылғы қаңтар мен мамыр арасындағы жаңа автомобиль саудасына қарасақ, 2024 жылғы рекорд жаңаратындай көрінеді. Бес айда елдегі автосалондар 85 467 машинаның кілтін тапсырды. Ең танымал 3 модель – Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Kia Sportage. Ал Қазақстанда сұраныс ең аз модельдер қайсы? Kolesa.kz сайтына El.kz интернет порталы.
Елдегі автосалондарда 200-ге жуық модель сатылып жатыр. Оның 115-інің биыл 5 айдағы саудасы жүз экземплярға жетпеген. Ал 33 модельдің нәтижесін тіпті саусақпен санауға болады.
Қазақстан нарығындағы он аутсайдер
Біздің елде MG Cyberster, Audi RSQ8 бен S6, Genesis G70SB, Alfa Romeo Stelvio және Giulia сияқты көпке таңсық әрі қымбат машиналар ресми саудаланып жатыр.
Renault Koleos, Chevrolet Tahoe мен Equinox та көп сұралмайтын модельдер қатарында. Жыл басталғалы «Тахо» мен «Эквинокстан» басқасының тек бір экземпляры өткен. Ал Америкадан келген SUV-лердің екеуі иесін тапты.
Топ-20 тізімге модельдік топтамадан шығып қалған көліктер де енген. Мысалы, Chevrolet Lacetti (2), Chevrolet Nexia (3), Hyundai Accent (3) және i30 (3). Дилерлер қоймада қалған машиналарды сатқаны анық.
Бағасының қымбаттығына байланысты сирек сатылатын модельдер
Аутсайдерлер арасында Range Rover Velar (2 дана), Mercedes-Benz GLC Coupe (6), Maserati Grecale (6), BMW XM (7), Porsche Taycan (13) сияқты премиум автомобильдер кездеседі.
Көптің көңілінен шықпаған модельдер
Қазақстанда клиент таба алмай отырғандар арасында Қытай өнімдері бар екенін айта кеткен жоқ. Қаңтардан мамырға дейін Bestune T77 – 2, BYD Han – 12, MG 6 – 23, Exeed RX – 34, Changan CS95-– 37, Hongqi H5 38 данасы өтті. JAC JS5 (45 дана), Kaiyi E5 (49) және MG ZS (51) таңдағандар да көп болған жоқ.
Естеріңізде болса, бұған дейін ең көп сатылған кроссоверлер тізімін жасағанбыз. Сондай-ақ ең сапалы көлік брендтері анықталды.

