Жаңалықтар

Қазақстанда қандай көлік нөмірлеріне тыйым салынды

Қазақстанда қандай көлік нөмірлеріне тыйым салынды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 28.11.2023 11:32 2711

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан алынып тасталынған көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерінің қатарын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір әріп тіркестерін алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған.

Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстанның көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды, — делінген хабарламада.

Барлығы ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар. Бұл комбинациялар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға