Жаңалықтар

Қазақстанда пайдалануға болатын жерасты суының қоры анықталды

Қазақстанда пайдалануға болатын жерасты суының қоры анықталды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 09.02.2024 03:09 663

Қазақстанда 4540 жерасты суларының орны барланды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің болжамынша, бүгінгі таңда еліміздегі пайдалануға болатын жерасты суының қоры 15,7 текше шақырым, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте Қазақстанның жылдық су қоры 102,3 текше шақырымды құрайтынын айта кеткен жөн. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Жалпы су көлемінің 1%-дан сәл астамы халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазіргі уақытта ел экономикасында жерасты суларын пайдалану үлесі 7%-дан 10%-ға дейін.

Елімізде жерасты суларын зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Министрлікте жеке департамент ашылды, гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жерасты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу үшін Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады. Басқа ведомстволардың жерасты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі бізге өтеді және осы бағыттағы жұмыс күшейтілед, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға