El.kz

Қазақстанда пәтер бағасы арзандауда

05.06.2023 09:45

Биыл мамырда Қазақстандағы 13 қалада пәтерге сұраныс бағасы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

krisha.kz, мәліметінше, өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 0,4 %-ға арзан.

Бағаның максималды төмендеуі:

  • Астанада – 1,3 %;
  • Өскеменде – 1,2 %;
  • Атырауда – 1 %;
  • Алматыда – 0,9 %

Өсім Шымкент, Тараз (+0,2 %), Семей (+0,4 %), Ақтауда (+0,5 %) тіркелді.

Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдегі ең жоғары орташа баға:

  • Алматыда – 706 мың теңге;
  • Астана — 475 мың теңгеге жуық;
  • Шымкент – 433 мың теңге.

Ең төмен баға – Қызылордада (236 мың теңге), Ақтөбеде (293 мың теңге), Таразда (шамамен 306 мың теңге).

Жыл басынан бері (2023 жылғы мамыр, 2022 жылғы желтоқсан) қайталама нарықтағы пәтер айтарлықтай қымбаттамаған: +0.4 %. Ең жоғары өсім – Ақтауда: +4,2%, ал ең жоғары төмендеу – Көкшетауда: -3.3%.

Жалпы 5 айда 12 қалада: Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй шамамен 2%-ға қымбаттады, ал 5 қалада, оның ішінде Астанада: 1,7%-ға арзандады.

Жылдық динамикада (2023 жылғы мамыр, 2022 жылғы мамыр) қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 3,8%-ға қымбаттады.

Ең үлкен өсім – Ақтауда: +13.4 %. Ең үлкен төмендеу – Талдықорғанда: -5.2 %.