Жаңалықтар

Қазақстанда парфюмерия мен косметика өндірісі өсті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстанда парфюмерия мен косметика өндірісі өсті
Фото: farmerschool.kz 27.12.2022 13:33 1609

Парфюмерия мен косметика – сыйлық ретінде берілетін ең танымал өнімдер. Бүгін біз Қазақстанның сұлулық өнім өндірісінің көрсеткіштерін біліп көрдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Қазақстанда парфюмерия мен косметика өндірісі өсті. Мәселен, 2022 жылдың 10 айында осы өнімдердің 5 679,4 тоннасы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Ал импорт өз кезегінде 0,5%-ға азайды, қаңтар-қазан аралығында сырттан 57 395,2 тонна парфюмерия мен косметика әкелінді. Импорт үлесі – 91%.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 60 829,2 тонна парфюмерия мен косметика сатылды. Бұл ретте экспортқа 2 245,4 тонна сұлулық құралы жөнелтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға