Жаңалықтар

Қазақстанда пара алғандар 20 есе айыппұл төлейді

Бұл туралы заң жобасы талқылауға ұсынылды
Қазақстанда пара алғандар 20 есе айыппұл төлейді
Фото: bugin.kz 10.01.2023 13:10 1070

Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жобада коммерциялық пара берушілерге жазаны қатаңдату жоспарланған. Атап айтқанда, пара алушыларға алған пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салынады. Егер пара мүлік түрінде берілсе, ол сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Болмаса, 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 
Әділет министрлігінің түсіндіруінше, айыппұлдардың жаңа мөлшері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және бас прокуратураның тапсырмасы аясында енгізіліп отыр. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға