Жаңалықтар

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті

Гала-концертте Өзбекстан Республикасының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті
Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті
Фото: gov.kz 24.11.2022 19:43 1348

Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер мен шеберлік сабақтары өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ қазақстандық көрермендерге қазақ тілінде тифлокомментарийлері бар «Шай» қысқаметражды фильмі ұсынылды. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында өткен Гала-концертте Өзбекстан Республикасының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті

«Бізді екі мың шақырымнан астам шекара ғана емес, екі мыңжылдық тарих біріктіреді. Сіздер бізге арнайы алып келген мазмұны терең, мағынасы бай бағдарламалар көші сол игі сабақтастықты жалғастырып отыр. Алайда, қос тарап бұл рухани байланыспен тежеліп қалмауы тиіс. Алдағы уақытта мәдени алмасудан бөлек, бірлескен ортақ жобаларды жүзеге асыру қажет. Біз бұрыннан татулықты табысқа, бірлікті берекеге айналдырып келе жатқан ағайындас халықтармыз. Түбі бір түркі әлемінің қос қазығындай қазақ-өзбек қатынасы нығая беруіне шын жүректен тілектеспін»,- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері өтті

Өз кезегінде өзбек тарапы мәдениет және спорт министрлігіне іс-шараларды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапының жобалары мен бастамаларына жоғары қызығушылық танытқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға