Жаңалықтар

Қазақстанда өткен жылы 13 млн стоматологиялық қызмет көрсетілген

Қазақстанда өткен жылы 13 млн стоматологиялық қызмет көрсетілген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.05.2023 12:32 724

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қызметі мен статистикасына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тимур Сұлтанғазиев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі бағыты пациент және оның қажеттіліктері екенін атап өтті. МӘМС-тің тиімді өлшемдері пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінде дейді.

Статистикалық деректердің негізінде бірнеше санды салыстыруға болады. Мәселен, 2019 жылы 20 миллионға жуық бейінді мамандардың консультациясы мен диагностикалық зерттеулері жүргізілген. Ал өткен жылы бұл цифр 142 миллионға дейін өсті. Яғни 7 есе көбейген, - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр дәрігерлердің қабылдауының зертханалық талдауы және аспаптық диагностика жүзінде жүргізу 7 есе өскенін айтты.

Мысалы, стоматологияны алайық. 2019 жылы 3 миллионға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілсе, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 13 миллионға дейін өскен. Яғни шамамен 5 есе көбейген. Бұл стоматологиялық көмектің адамдарға қолжетімділігінің артқанын көрсетеді, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға