Жаңалықтар

Қазақстанда өңдеу өнімдерінің экспорты 65% өскен

Қазақстанда өңдеу өнімдерінің экспорты 65% өскен
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 22.05.2023 13:08 824

Елімізде өңдеу өнімдерінің экспорты соңғы үш жылда 65 пайызға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы Қазақстанның өңдеу өнімдерінің экспорты 26,5 млрд долларды құраған.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында өңделген өнімнің сыртқы саудасының жалпы көлемі 18,8 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32% жоғары. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 63% өсті, - деді вице-министр.

Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлардың экспорты 5,9 млрд долларды құрап, өсім 7,6%-ды көрсеткенін атап өтті.

Қазақстандық шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтіледі. Өңделген тауарлардың негізгі импорттаушылары: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Ұлыбритания, Жапония, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан болды.

Негізгі экспортталатын тауарлар:

  1. Мыс және катодтар – 688,8 млн доллар (11,7% үлеспен);
    2. Ферроқорытпалар – 644,5 млн доллар (11%);
    3. Уран – 610,7 млн доллар (10,4%);
    4. Мұнай өнімдері – 344,9 млн (5,9%);
    5. Легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат – 171,7 млн доллар (2,9%);
    6. Күміс – 171,5 млн доллар (2,9%);
    7. Бидай немесе бидай-қара бидай ұны – 155 млн доллар
    (2,6%);
    8. Мырыш – 129 млн доллар (2,2%);
    9. Табиғи газ – 121,6 млн доллар (2,1%);

Бұл ретте экспорттың өсімі бойынша тіркелген
тауарлар:

  1. Уран – 51,6%-ға;
    2. Мұнай өнімдері – 52,5%-ға;
    3. Күнбағыс майы – 19,9%-ға;
    4. Минералды тыңайтқыштар – 2,8 есеге;
    5. Жеңіл автомобильдер – 46%-ға;
    6. Сутегі, инертті газдар және басқалары – 24%-ға.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға