Жаңалықтар

Қазақстанда несие пайызын төмендетуге не кедергі?

Қазақстанда несие пайызын төмендетуге не кедергі?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.10.2023 13:02 3585

Еліміздегі несиелердің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екені үнемі айтылып келеді. Бізде базалық мөлшерлеме 18%-ды құрайды. Соған сәйкес, кез келген банк ұсынатын несие пайызы осы көрсеткіштен төмен болмайды. Қазір Қазақстан халықының 84%-ныда несиелік қарызы бар екен. Ал Еуропаның кейбір елдерінде 2%-дан бастап несие беретін банктер бар. Біз осы материалды дайындау барысында мұндай төмен мөлшерлемемен Қазақстанда несие рәсімдеу мүмкін бе? Қазақстанда несие пайызын төмендетуге не кедергі? Шетелдік банктер өзге ел азаматтарына несие бере ме? деген сауалдар төңірегінде зерттеу жасауға тырыстық.

Қазақстандықтар шетелдік банктерден несие рәсімдей ала ма?

Теориялық тұрғыдан шетелдік банктерден кез келген азамат несие алуына болады. Оған өтініш беруге ешкім тыйым салмайды. Бірақ шетелдік банктер өзге елдің азаматтарына несие беруге құлықты емес. Олар несиені өз азаматтарына, сосын резиденттерге бергенді құп көреді. Айта кетейік, резиденттер – 1 жылдан астам уақыт сол елде тұрған азаматтар. Мұндай дискриминацияға шетелдік банктер өз қаржыларын қауіптен сақтап қалу үшін барып отыр.

Шетелдік қаржылық ұйымнан несие алу үшін:

Сол мемлекетте заңды негізде тұру;

Сол елде ресми кіріс немесе табыс болуы;

Сол елде жылжымайтын мүліктің болуы;

Кепілгер ретінде сол елдің азаматы болса, артықтық етпейді.

Көп жағдайда Қазақстан азаматтарына табысты кәсіпкер болса ғана несие рәсімдейді. Ол үшін жеке компания болуы шарт емес, Еуропа елдерінің көбінде пәтер сатып алып, оны жалға беретін азаматтар да кәсіпкер саналады.

Әр елдің несие беру шарты басқа. Әр елдің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, Жапонияда жергілікті тұрғын кепіл болмаса, несие рәсімдемейді. Бұл елде кепіл болатын адам тек алушының төлем қабілеттігін ғана растайды, мәселе туындаған жағдайда төлеуге міндетті болмайды.

Германиялық банктер қарыз алушының депозитінің болуына мән береді. Шетелдік банкте ақшасының болуы рәсімдеушіге сенімді арттырады.

Шетелдіктерге несие рәсімдеу ықтималдығы жоғары елдерге Кипр, Испания, Португалияны жатқызуға болады. Ал Австрия, Италия, Швейцария, Жапония, БАӘ, Чехия, Румынияның мақұлдай қоюы екіталай.

Ең ұтымды несие шарты

Европада тұтыншулық несие жылдық 7-10% шамасында. Пайыздық мөлшерлеме көлемі әр елде әртүрлі. Ең төмені Ұлыбританияға тиесілі, мұндағы ең азы 2%-ды құрайды.

Бірақ жоғары пайызбен несие беретін банктер де жоқ емес. Мәселен, жылдық мөлшерлемесі 5,5 %-бен қарыз немесе ипотека ұсынатын банктер бар. Ең ұтымды пайыздар Кипрге тиесілі, 5%-ды құрайды. Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш Болгарияда, 11 %. Ең көп қарыз беру бойынша Швецария көш бастап тұр. Бұл елде 400 мың еуроға дейін алуға болады. Яғни, теңгеге шаққанда, 201 миллион теңгеден асады. 

Шетелде несиелік пайыздар неге төмен? 

Несиенің, депозиттің пайызы инфляция, дефляция деген экономикалық ұғымдармен байланысты. Экономистер дамушы мемлекеттердегі инфляцияның жоғары болуын ішкі өндірістің кенжелеп қалуымен, инновацияның жоқтығымен байланыстырады. Өндірісті дамытпасақ, осы инфляцияның көтерілуі яғни тауар бағасының қымбаттай беру үрдісі жалғаса береді екен. Қаржы сарапшылары инфляцияны ауыздықтау үшін базалық мөлшерлеме үнемі өсіп отыратынын айтады.

Қазақстанға шетелден үш банк келеді екен дегенді естіген біраз адам «енді кредит арзандай ма?» деген сұраққа жауап іздеді.

Экономика саласын зерттеп жүрген журналист Айбар Олжаевтың айтуынша, қазір Қазақстанға JP Morgan сияқты ең төмен пайызбен несие беретін банк келсе де, 15,5 пайыздан төмен кредит бере алмайды.

Егер беретін болса, әр берген несиесінен шығын алып отырады. Бірақ біздегі банк проценттері 15,5%-тен жоғары ғой.

Оған бірнеше фактор әсер етеді.

Кредит пайызы бірнеше фактордан құралады. Ең маңыздысы – елдегі базалық ставка. Қазір біздің базалық ставка 16,5%, +/- 1 коридорымен тұр. Демек, кез келген банк Ұлттық Банкке жылдық 15,5 пайызбен депозит орналастыра алады. Ал Ұлттық Банктен кредит алғысы келсе, онда 17,5 пайызбен алады, - дейді Айбар Олжаев.

Кредиттің пайызына базалық ставка мәні, провизия, тәуекел премиясы, банктің маржасы сынды факторлар әсер етеді.

Кредит берердің алдында банк тәуекел премиясын есепке алады. Мәселен, 20 адамға кредит берсе, оның біреуі қарызды қатара алмай қалуы мүмкін. Ол қайтара алмай қалған адамның шығынын жабу үшін банк 2-3% тәуекел премиясын қосады. Осылайша уақытылы төлеп жүрген 20 адам төлеуге мүмкіндігі жоқ 1 адамның шығынын жабады.

Сондай-ақ теңгелік кредиттерге қаржы нарығында сенім қалыптаспағаны да пайыздың жоғары болуына әсер етеді.

Біздегі коммерциялық банктердің теңгелей кредиттегі ең аз маржасы 4%. Кей банктер одан да жоғары 5-7% алады. Мықты шетелдік банк 3% қоюы мүмкін. Бірақ банктердің ойынша теңгедегі мерзімі 5 жылдан асатын кредиттердің тәуекелі жоғары. Теңгеге әлі толық сенім қалыптаспады. Сондықтан 5 жылдан артық несиені олар тек құнын жоғалтпайтын кепілзат арқылы бере алады, - дейді экономика саласын зерттеп жүрген журналист Айбар Олжаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға