Жаңалықтар

Қазақстанда мұнай-газ-химиясын одан әрі дамыту жолдары талқыланды

Қазақстанда мұнай-газ-химиясын одан әрі дамыту жолдары талқыланды
Фото: Атырау облысының әкімдігі 18.02.2024 23:28 665

Энергетика министрлігі Атырау қаласында өткен Мұнай-газ-химиясы форумына қатысты, онда Қазақстанда мұнай-газ  химиясын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және қажетті қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ірі мұнай-газ химия компаниялары басшыларының назарын инжинирингтік жұмыстар кезеңінен бастап отандық тауарларды, жұмыстармен қызметтерді барынша пайдаланудықамтамасыз ете отырып,  жобаларды уақытылы іске асыру қажеттілігіне аударды.

Өз тарапынан министрлік барлық қолдау шараларын көрсететінін тағы да атап өтті. EPC мердігерлерді таңдау кезінде жергілікті қамту бойынша көрсеткіштерді орнату ұсынылды.

Сондай-ақ, өкінішке орай, бүгінде экономиканың басқа салаларымен (құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.) өзара байланыстың жоқтығы, жағдайды түзету және ішкі сұранысты қалыптастыра отырып, одан әрі қайта бөлу тізбегін ұзартуды бастау маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар,17 ақпанда «Татнефть» ЖАҚ өкілдерімен кездесу өткізілді, онда қуаттылығы 339 мың тонна, құны шамамен 900 млн АҚШ доллары болатын бутадиенді және оның туындыларын өндіру жобасы бойынша ағымдағы мәртебе мен одан әрі қадамдар талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға